112 жыл бұрын дәл осы күні "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көрді

Тарихқа үңілсек, "Қазақ" газеті ұлт мүддесі жолында халқымызды жарқын болашаққа бастай білді. Басылым қазақ қоғамының рухани дамуына орасан зор ықпал етіп, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болды.
1991 жылы елімізде небәрі 10 республикалық газет-журнал шығып, 21 теле-радио арна жұмыс істесе, 2025 жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 4 499 БАҚ тіркелген. Оның ішінде 2 981 мерзімді басылым, 229 телеарна, 96 радиостанция, сондай-ақ 1 193 ақпараттық агенттік пен интернет-басылым бар.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, газеттер мен журналдарға жазылу, сондай-ақ Kazpost және Kaspi Bank қосымшалары арқылы онлайн жазылу жүйесін оңтайландыру шаралары қабылданды. Өңірлердегі мерзімді басылымдардың деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын өңірлік БАҚ форумы өткізіледі.
Еске салайық, бүгін, 2025 жылғы 2 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.