Ақтөбеде картоп сатуда шектеулер енгізілді

Бұл туралы 3 ақпанда "Ақтөбе" ӘКК АҚ-ға сілтеме жасай отырып, KTK телеарнасы жазды.
Корпорацияның мәліметінше, бұл шара арзан картопты сатып алып, қымбат бағамен саудалайтын "алыпсатарлардың" әрекетімен байланысты. Бүгінде әлеуметтік дүкендерде картоптың бір килограмы 116 теңгеден сатылуда, бұл нарықтық бағадан бес есе дерлік арзан.
Бұл ретте қала тұрғындарының тұрақтандыру қорынан келген көкеніс сапасына наразылықтары көбейген. Желіде бұл картоптардың қандай күйде екендігін бейнелейтін кадрлар да тарауда. Алайда ӘКК бұл жазбалардың ескіргенін және өнімнің нақты жай-күйін көрсетпейтінін мәлімдеді. Корпорация өкілдерінің айтуынша, картоптың сапасыз партиялары жеткізушілерге уақтылы қайтарылды.
"116 теңге, ол тұрақтандыру қорының өнімі. Енді оны қайтарып жатырмыз. Өзіміз де халықтың ішінен шықтық қой. Алдырып тастаймыз, ауыстырамыз".Айбат Ербазиев, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
ӘКК аптасына супермаркеттерге 100 тонна арзан картоп жеткізіп отырмыз деп есеп берді. Алайда, деректерге сүйенсек, қазір қорда 1200 тонна өнім қалыпты.
Бұған дейін мамандар су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің атын атағаны хабарланған болатын.