Ел тұрғындарының 13 пайыздан астамы көлеңкелі экономикаға жол берген

Тенге, деньги, Казахстан, национальная валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 15:14 Фото: Zakon.kz
Ел тұрғындарының 13 пайыздан астамы көлеңкелі экономикаға жол берген. Яғни, кәсіппен айналыса тұра табысын жасырған. Бұл – Adam Research сараптамалық компаниясының жүргізген зерттеудің нәтижесі.

Қорытындыға сай, салықтан жалтаратындардың дені – ауқатты азаматтар. Олар жалпы өз кәсіптерін сұлулық индустриясы, құрылыс, қоғамдық тамақтану, ауыл шаруашылығы және бөлшек саудасы мен жиһаз әзірлеу салаларында жүргізеді екен.

Орташа табыстары айына 400 мың мен 600 мың теңге және одан жоғары.

Көлеңкелі экономикадағы үлесі көп сала ол – бөлшек саудасы, деп жазады qazaqstan.tv.

Денсаулық сақтау мен білім беру саласы да осы тізімге кіреді.

"Кәсібі бар, бірақ табысын жасыратындардың саны жағынан Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Екінші орында Маңғыстау облысы тұрса, үштікті Түркістан облысы түйіндейді. Алматы қаласы тізімде – 6, Шымкент – 7, ал Астана 9-орында. Көлеңкелі экономиканың үлесі ең аз облыс – Ақмола. Десек те экономиканың бақыланбайтын секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі жыл санып азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы ол 27 пайызды құраған болса, 2023 жылы 17,5 пайызға қысқарған." Айбар Олжай, экономист
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: