Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысты

Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 18:16 Сурет: Павлодар облыстық полиция департаменті
Павлодардағы тасжолда бес көлік соқтығысып, салдарынан бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпанда таңертең Павлодар ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолында бес автокөлік соқтығысты.

Облыстық жедел жәрдем станциясына жол апаты туралы шақырту таңғы 08:45-те түсті. ЖКО салдарынан 1959 жылы туған әйел көз жұмды. Ол Mitsubishi автокөлігінің жолаушысы болған. 

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: