Таразда полицейлер үнді марихуанасын өсіретін зертхананы анықтады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 13:35 Фото: pxhere
2025 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысының 40 дерегін анықтады.

Оның ішінде аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтаудың 8 дерегі, сатудың 3 дерегі, есірткі өсірудің 2 жайты, есірткіні насихаттау және жарнамалаудың бір дерегі анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың бір фактісі анықталды. Синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы ұйымдастырған төрт адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тараз қаласында үнді марихуанасын өсіретін зертхананың жолы кесілді. Бір ғана айдың ішінде заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі заты тәркіленді.

Синтетикалық препараттардың таралуына қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі – әлеуметтік желілерге мониторинг. Осы жылдың қаңтар айында "Кибернадзор" арқылы бұғаттауға 107 интернет-сайт анықталды. Ерекше басымдық есірткі қылмыстарының алдын алуға берілуде.

Мүдделі органдармен бірге жоғары және орта оқу орындарында 113 профилактикалық іс-шара өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 191 материал жарияланды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: