Алматылық әскери бөлімшенің командирі лауазымы үшін 500 мың теңге сыйақы берген

Әскери соттың ақпаратынша, сотталушыға алаяқтық жасады деген айып тағылған.
"Сержант Е., бөтеннің қаражатын жымқыру мақсатында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, бұрынғы танысы әскери қызметшісі Т. -ға әскери бөлімінің бөлімше командирінің лауазымына 500 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы үшін жұмысқа ауыстыра алатынын айтқан. Жәбірленуші Т., сержант Е.-нің қылмыстық ниетін білмей, соңғыға сыйақы түрінде 500 мың теңге берген. Шындығында, сержант Е.-нің мұндай өкілеттіктер мен мүмкіндіктерге ие болмамаған. Сотталушының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге 500 мың теңге сомасында материалдық залал келтірген",- делінген ақпаратта.
Сот отырысы барысында сержант Е. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, келтірілген залалдың орнын толтырып, жәбірленушімен татуласты, осыған байланысты қылмыстық істі тоқтатуды және оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға ешқандай шағымының жоғын мәлімдеп, татуласуына байланысты Е.-ге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.Мемлекеттік айыптаушы тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуға қарсылық білдірмеді.
Тараптардың пікірлері мен прокурордың қорытындыларын тыңдап сот Е. – ні қылмыстық жауаптылықтан босатуға және қылмыстық істі тоқтатуға қаулы етті.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бұған дейін Қазақстанда түзеу колонияларына барудың жаңа ережелері әзірленгені хабарланған болатын.