Таразда шетелден жұмыс тауып беремін деп ақша жымқырғандар сотталды

Тараздықтарды Ұлыбританияға айлығы көп жұмысқа апарамын деп алдап соққан екі азамат сотталды.
Судья алаяқтарды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Олар осыдан екі жыл бұрын арнайы орталық ашып, 80-ге тарта адамнан құжат қабылдаған.
Жылыжайда жұмыс істейсің, деп жалған шарт жасап, 31 млн теңге ақша алған. Қалтаға басқан қаржыны жұмыс визасына жұмсалады деп сендірген, деп жазады qazaqstan.tv.
Енді екеуі 66 жәбірленушінің ақшасын өндіріп бермек. Ал орталық директорына халықаралық іздеу жарияланды. Ол дау шыққан күні-ақ Италия арқылы Америкаға қашып кеткен.
"Сотталушылар мен жәбірленушілердің өзара сөйлескен Whatsapp жазбалары, скриншоттары және банк есепшотындағы көшірмелері негізге алынды. Сотталу қаулысында мемлекеттік айыптау 190-бабының 3-бөлігінен 4-тармағына ауыстырылған болатын. Сол баппен кінәлі деп танылды." Қайрат Дүмбаев, Тараз қалалық сотының судьясы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript