"Қар бұрқасындатып, тұман болады". Еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 8 ақпан, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 17:50 Сурет: unsplash
Синоптиктер алдағы сенбіде, 2025 жылғы 8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын әлі де территориямызда жүрген солтүстік антициклон айқындайтынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты аздап қар жауады", делінген болжамда.

Сондай-ақ, синоптиктер Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман, желдің күшеюін айтады, ал солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстікте көктайғақ болады деп күтілетінін хабарлайды.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2025 жылдың 8-10 ақпанына ауа райы болжамын ұсынған болатын.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: