Елімізде ішімдік сатудан бас тартқан ауылдар саны тағы бір елді мекенмен толықты

Түркістан облысының полицейлері ішімдік тұтынудан бас тартқан ауыл тұрғындары жайлы айтты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл бастама тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішімдік сатудан бас тартқан ерекше ауыл Сарағаш ауданында орналасқан. 1500-ге жуық тұрғыны бар Мәдениет ауылының учаскелік инспектор Мұрат Төлегенов атап өткендей, екі жыл ішінде елдімекенде бірде-бір қылмыс болмаған.
"Жақында елдімекен "Ішімдіксіз ауыл" жобасына енгізілді. Ал бұл бастамаға жергілікті тұрғындар, ақсақалдар, белсенділер бірауыздан қолдау білдірді".Мұрат Төлегенов
Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Е.Өсербаев алкогольден бас тарту дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізеді.
Өз кезегінде аудан тұрғындарының мұндай қадамы – олардың қауіпсіз қоғамға деген ұмтылысын көрсетіп тұрғандай. Бұл әрине отбасылық құндылықтарды нығайтады, өмір сапасын жақсартады және полицияның жұмысына деген сенімін арттырады.
"Түркістан облысында 27-ші ауылдың тұрғындары алкоголь сатудан бас тарту туралы шешім қабылдады, бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін тигізді. Соңғы жылдары ішімдік сатылмайтын елді мекендерде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ",-деп қорытындылады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматыда қалта ұрылары ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз