Қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев қайтыс болды
Сурет: pediatric.kaznmu.edu.kz
Бұл туралы 2025 жылдың 12 ақпанында ұлы Жарас Ормантай айтты.
"Бүгін түнде менің сүйікті әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Ормантаев дүниеден өтті", – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Камал Сәруарұлы Ормантаев – педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1968-2011 жылдары ҚазҰМУ-дың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды, сонымен қатар Алматы медицина институтының педиатрия факультетінің деканы (1978-1980, 1989-1991) және Қазақстан Республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1919-1918) болды. Ол 20 мыңға жуық хирургиялық араласу жасап, Қазақстанда бірінші болып балалардың кеуде қуысының туа біткен деформациясына торакопластика жасады.
2025 жылдың 11 қаңтарында белгілі қазақстандық ғалым Мекемтас Мырзахметовтың өмірден озғаны белгілі болды.