Жаңалықтар тізбегі
0

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 10:53 Сурет: gov.kz
21 сәуірде Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой дүниеден өтті. Ол 39 жаста еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы қоғамдық osa_uka_vko парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ол ауруханада жүрегі тоқтап, қайтыс болды.

Дмитрий Горьковой қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген.

Zakon.kz редакциясы Дмитрий Горьковойдың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Горький Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заңгер. 2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы

  • 29.06.2007-18.11.2014 қаржы полициясы органдарындағы қызмет, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласы.
  • 17.04.2015-22.09.2020 Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары.
  • 23.09.2020-осы уақытқа дейін Риддер қаласының әкімі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: