Өскеменде алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 12:44 Фото: pexels
Полицияға әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры өтінішпен жүгінген.

Өтініште Шығыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны сот шешімімен белгіленген алимент төлеу міндетін орындамай келе жатқаны көрсетілген.

Әйел адамның 7 кәмелетке толмаған баласы орталықта тәрбиеленуде, ал алимент бойынша қарызы 9 миллион теңгеден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция алимент төлеуден жалтару азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғатынын ескертеді.

Ал міндеттерді орындамау бас бостандығын шектеу және заңда көзделген басқа да шаралардың қолданылуына себеп болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: