ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді

ШҚО-да жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға шұғыл жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 22:08 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 жылы туған жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған операцияны ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлері жүргізді.

"Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын және үйлесімді жұмысын талап етеді. Экипаж мен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: