Алматыда 3 күнде 211 сауда дүңгіршегі бұзылды

Снос здания, снос зданий, снос, снос постройки, снос построек, незаконное строительство, незаконная постройка, незаконно построенные здания, незаконно построенные дома, незаконно построенные сооружения, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 09:18 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыда 3 күнде жол бойында заңсыз орналасқан 211 сауда дүңгіршегі бұзылды. Шаһарда кез келген жерде кәсіп жүргізуге қатаң тыйым салынған.

Ал кәсіпкерлерге қала аумағынан 142 орын бекітілді. Коммерциялық орынды беру үшін арнайы аукцион өткізіледі, дейді әкімдік. 

3 күнде шаһарда 210-нан аса заңсыз нысан сүрілді. Оның көпшілігі Абай даңғылында орналасқан. Тексеріс кезінде әкімдік көп нысанның өрт қауіпсіздігі мен тазалық сақталмағанын анықтапты. Сондай-ақ қаланың қақ ортасында ретсіз орналасып, шаһардың көркіне нұқсан келтіріп тұр дейді.

75 жылдық тарихы бар бұрынғы – Түрксіб ауруханасы сәулет ескерткіштерінің қатарына енген. Сыртқы келбеті мен жалпы құрылымын өзгертуге тыйым салынды. Көп жыл қараусыз қалған ғимараттың қазіргі күйі нашар. Айналасы қоқысқа толы, есік-терезесі алынып, әйнектер шашылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді әкімдік мамырдан бастап тарихи ғимараттың ішін жөндемек. Ал келер жылы балаларды оңалту ауруханасы болып ашылады, деп жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: