Қостанайда картоп бағасы сәл арзандады

kstnews.kz дерегінше, бұл облыс орталығындағы супермаркеттердің бағасы. Таяуда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасының күрт қымбаттауына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Ол ведомство сауда нүктелеріндегі қазіргі ахуалмен күресіп жатқандығын айтты.
Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өндірушілері картопты килограммына 200 теңгеден жеткізуге дайын, бірақ сауда нүктелері оны 20%-дан аспайтын үстеме бағамен сатуы тиіс.
Сонымен қатар ведомство өндіруші аймақтардағы жеткілікті қорларға қарамастан, кейбір дүкендерде картоптың неге мүлдем жоқ екенін анықтауға кірісті.
Бұл ретте, Қостанайдағы сауда нүктелерінде қымбат картоппен қатар арзан баламалар да саудаға түсуде. Бұл аймақтық тұрақтандыру қорынан сатылатын картоп. Бүгінде қорларда 2,6 мың тонна бар. Бір килограмның бағасы – 150-154 теңге.
Бұған дейін Қостанай облысында тұрғыннан марихуана тәркіленгені хабарланған болатын.