Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған

Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 14:37 Сурет: pixabay
Қазан айында ел ішіндегі 17 өңірдің 11-інде, екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған.

Қазір жалпы бір шаршы метрінің орташа бағасы 369 мың теңге.

Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мегополисте шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан.

Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында.

Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орташа есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: