Еліміздің бірқатар аймақтарындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шығуға тыйым салынды

Мәселен, таңғы 07:00-ден бастап, Ақмола облысында "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қ. – Щучинск қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ал, 8:00-ден бастап, "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 ш, Астана қ. уч. – Павлодар облысы шекарасына дейінгі жол жабылды.
Сондай-ақ, дәл осы уақытта Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-254ш , Ақмола облысы ш. уч.-Шідерті кенті облысы шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл ретте, жолдарды ашу 13 ақпан сағат 17:00-ге жоспарланған.
08:40-тан бастап "Астана-Қарағанды-Алматы" тас жолының бірқатар учаскелері жабылды:
- 1291-1353ш, Жібек Жолы ААП – Ақмола облысы шекарасына дейін;
- 1353-1426 ш, Ақмола облысы шекарасы учаскесі – Теміртау ААП шекарасына дейін.
Бұл жолды ашу 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-ге жоспарланған.
Бұған дейін Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылғандығы хабарланған болатын.