Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі шағымданады

Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі шағымданады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 16:31 Сурет: pexels
2025 жылғы 13 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама түсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Баяндамашы өтініштердің басым бөлігі Алматыда түскенін атап өтті.

"Одан кейін Қостанай облысы, Павлодар облысы, Астана қаласы және Жамбыл облысы келеді. Бұл өткен жылдың деректері. Шамамен осындай статистика 2025 жылы сақталады", – деді Ренат Зұлхайыров.

Оның айтуынша, полицейлерге жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама келіп түседі, ал 2024 жылдың соңына қарай ел бойынша зорлық-зомбылық және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша 7 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген.

Бұған дейін Ренат Зұлқайыров полицияның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа арнайы жасақ қалай жұмыс істейтінін айтып берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: