Ақтөбеде жас жігіттен 100-ден астам вейп тәркіленді

Ақтөбеде жас жігіттен 100-ден астам вейп тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 18:35 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде полицейлер вейптерді заңсыз сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласында патрульдік полиция қызметкерлері теміржол вокзалының алдындағы тұрақта Opel Astra көлігін тоқтатты. Автокөлікті 21 жастағы ақтөбелік басқарған. Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полицейлер 102 электронды темекіні тапты.

Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп) айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жас жігіт вейптердің сату үшін сатып алғанын түсіндірді. Оған 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе елу күнге дейін қамауға алу қаупі төніп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: