Шақырылмаған қонақтар: Ақтөбеде халық шенеуніктерге базынасын айтып барды

Автобус, общественный транспорт, городской транспорт, пассажиры, улица, остановка , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 10:27 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе шетіндегі ауылы көлік қатынасынан қиналып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автобус бұл елді мекенге соқпай, екі шақырым жердегі күре жолдың бойына тоқтайды. Тұрғындар қақаған қыста қардан омбылап жету оңай емес деп ашынып отыр. Жағдайды "КТК" тілшісі өз көзімен көріп қайтты.

Қала іргесінде жаңадан бой көтерген бұл ауылда қазір 100-ге жуық шаңырақ бар. Орталыққа қатынайтын екі автобус ауылға кірмейді. Тек асфальтталған трассаның бойымен жүріп, қатар тұрған бірнеше ауылдың да тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Облыс әкімдігіне базынасын айта барған жаңақоныстықтар қоғамдық көліктің елді мекенге кіргенін талап етіп отыр. Сонымен қатар арнайы "аялдама болса" деген тілектерін шенеуніктерге жеткізді. Әкімдіктегілер қазір осы ауылда автобус қатынасына байланысты арнайы сызбаның әзір тұрғанын айтты. Енді қоғамдық көлік кестесін реттесе, Жаңақоныстың ішін автобус аралайды деп уәде беріп отыр.

"Схеманы кеше қолына тапсырдық. Енді кестесін дайындап жатыр. Оның бәрі көп уақыт алады. Кестесін береміз. Автопарк мекемесі елді мекенге кіреді. Күнделікті сегіз автобус шығады". Самалбек Ідіріс, Ақтөбе ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі

Бұған дейін Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: