Дәурен Ерғарин ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Алексей Калайчидидің орнына келді
Фото: Zakon.kz
Бұл жайлы 2025 жылғы 17 ақпанда Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.
Оның орнын Дәурен Ерғарин басты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды".Ақорда

Сурет: akorda.kz
Алексей Дмитриевич Калайчиди -1963 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын "Тау-кен инженері", 2008 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.
- 1985-1989 жылдары – Қырғыз КСР Тоқмақ қаласындағы №93 арнаулы басқарманың шебері, Шымкент қаласындағы "Южгорсельпроект" мемлекеттік жобалау институтының инженері;
- 1989-1990 жылдары – КСРО Ішкі істер министрлігі Жоғары академиялық курсының тыңдаушысы;
- 1990-1998 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық іздестіру жөніндегі жедел уәкілі, бөлім бастығы;
- 1998-2005 жылдары – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
- 2005-2006 жылдары – Ішкі істер министрлігі заң қызметінің жетекшісі, жеке құрам жөніндегі инспекция бастығы;
- 2006-2008 жылдары – Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті бастығының тәрбие және кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары;
- 2008-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
- 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
- 2019-2021 жылдары – Ішкі істер министрінің орынбасары;
- 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;
- 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

Сурет: Facebook/Дәурен Ерғарин
Дәурен Тілекұлы Ерғарин - 1982 жылы 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. (2002), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған (2006).
- Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы және Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) түрлі жедел және басшылық лауазымдарында бастады (2004-2012).
- Аса маңызды істер жөніндегі Офицер, басқарма басшысының орынбасары, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті жедел басқармасының басшысы (2015-2018);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары, жедел департаментінің басшысы (2018-2019);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 3 департаментінің басшысы (2019-2020);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы және Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (2020-2021);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) анықтау және жолын кесу қызметінің басшысы (2021-2022);
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы (28.06-21.12.2022);
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы (21.12.2022-07.2024);
- ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Бұған дейін Нұрдәулет Төлеев президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылғаны, оның орнына Ербол Адаевтың келгендігі хабарланған болатын.