Рустам Баялиев ҚР Президенті әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды

Подписание законов, назначения, президент подписал, резиденция президента , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 09:07 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен 2025 жылғы 13 ақпанда Рустам Баялиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәлімдемесіне сүйенсек, Баялиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі лауазымына ие болды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.

Сурет: qr-pib.kz

Рустам Баялиев 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.

Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, "Астанаэнергосервис" АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.

Баялиев бұл қызметке келгенге дейін, 2024 жылдың қаңтарынан бері ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: