Қазақстан Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз ел атанды

Білім сапасы, Қазақстан, Орта Азия, аккредиттация , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 19:48 Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін бағалаудың ұлттық құралы RCEC халықаралық сапа белгісін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды.

ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.


"ББЖМ аккредитациясынан өту еліміздің бағалау саласындағы әлеуетін және сараптамасын арттыруға мүмкіндік берді. Біз ББЖМ трансформациясы барысында әзірленген негізгі қағидаттар мен тәсілдерді ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру аясында басқа білім деңгейлеріне енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл бағалау жүйесінің тұтастай дамуын және балалардың білім сапасы туралы объективті деректер алуды қамтамасыз етеді", – деді "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.

Сонымен қатар аккредиттеу Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне бірегей мүмкіндіктерді береді.

ББЖМ аккредитациясы 7 кезеңнен тұрады, олар бағалау жүйесін әзірлеуді, тест сұрақтарының базасын құруды, барлық қатысушылар үшін нұсқаулық әзірлеуді, цифрлық платформада тестілеуді әкімшілендіруді, халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдау.

Еске салайық, ББЖМ – мектеп оқушыларының білім сапасын зерделейтін қазақстандық ұлттық зерттеу, ол оқу-тәрбие процесіндегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Оның түпкі нәтижесі – білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: