Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 17:37 Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушы Алдияр Амангелді халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7–13 мамыр аралығында Ташкентте математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысынан "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.

Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

Бірінші орын:

  • Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;

Екінші орын:

  • Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
  • Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
  • Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: