Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 17:15 Сурет: polisia.kz
Тараз полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысын алдап, 8 Toyota Camry автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында осы қылмысқа Тараздың 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды.

Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry 5 көлік табылып, тәркіленді.

2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: