Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен

Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастарды ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 21:53 Сурет: pexels
Жамбыл облысында тойға дайындалған қазы-қарта мен тойбастар сыйлықтарын ұрлап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, 39 жастағы күдікті тойға дайындалып жатқан үйге ұрлыққа түскен. Ол қонақтарға арналған бар сыбағаны сыпырып әкеткен. Ол ізін суытпай ұсталды.

Полицияның мәліметінше, күдікті бұрын да ұрлығы үшін сотталған. Ол тергеу кезінде өзге де үйлерді тонағанын мойындаған.

Ұсталған Меркі ауданының тұрғыны пластик терезені оп-оңай ашуға машықтанып алған.

"ҚР Қылмыстық кодексінің "Тұрғын-жайға заңсыз кіріп істелген ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр". Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: