Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді

Алматыда полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 22:46 Сурет: polisia.kz
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, жас анаға сәбиді аман-есен дүниеге әкелуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкері Асхат Мамедалының айтуынша, оқиға Әл-Фараби даңғылы мен Марков көшесінің қиылысында болған.

"Бізді "Kia" автокөлігінің жүргізушісі тоқтатып, жұбайының толғағы басталғанын айтты. Ол бізден жол ашып, перзентханаға дейін ертіп апаруды өтінді. Дереу радиобайланыс арқылы кезекші бөлімге хабар беріп, медициналық мекемені босанатын әйелдің келе жатқанынан құлағдар еттік. Кешкі уақыт, көлік кептелісі – жағдай оңай болған жоқ. Дегенмен, уақытпен жарысып, перзентханаға жетіп үлгердік. Бар-жоғы жарты сағат өткенде нәресте дүниеге келді. Жас ананы шын жүректен құттықтаймыз!" - дейді тәртіп сақшысы.

Полицейлердің айтуынша, анасы мен нәрестенің денсаулығы жақсы, олар қазір дәрігерлердің бақылауында.

Белгілі болғандай, Інжу есімі берілген кішкентай қыз – отбасындағы екінші бала. Оны үйінде әпкесі тағатсыздана күтіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: