Алматыда метроның желілерін салу кезінде қытайлық компаниялардың тәжірибесі пайдаланылады

Метрополитен, пассажиры метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 11:13 Фото: Zakon.kz
Алматы әкімі ҚХР жұмыс сапары аясында China Railway Construction Corporation Басқарма Төрағасы Дай Хэгэнмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар көлік инфрақұрылымы және ауқымды құрылыс жобаларын іске асыру саласындағы ықтимал ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында Ерболат Досаев Алматының ұзындығы 13,4 км әрі 11 станциясы бар метро жұмыс істейтін Қазақстанның жалғыз қаласы екенін хабарлады. Қолданыстағы желілерді кеңейту және батыс және шығыс бағыттарда метроның екі тармағын салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

"Алматы үшін метрополитен желілерін салу жөніндегі жобаны қысқа мерзімде іске асыру маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, құрылыс аясында әлеуетті серіктестер тізімін қалыптастыру кезінде біз ең алдымен қытайлық компаниялардың, оның ішінде кез келген жобаларды "кілтпен" тапсыратын әрі сапалы іске асыруға сенімділік беретін CRCC корпорациясының тәжірибесі мен мүмкіндіктерін зерттедік. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосады", – деп атап өтті Ерболат Досаев.

CRCC басқарма төрағасы Дай Хэгэн ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, CRCC компаниясы Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 650 млн АҚШ долларын құрайтын бірқатар ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатқанын атап өтті.

"CRCC Қытайда жетекші орынға ие және әрқашан ынтымақтастыққа ашық. Бүгін бірнеше қытайлық компаниялар Алматыда жобаны іске асыруға қатысуды жоспарлап отыр және біз тең шарттармен бәсекелесуге ниеттіміз. Бай тәжірибенің арқасында Алматыда жобаларды сәтті жүзеге асырамыз деп үміттенеміз", – деді Дай Хэгэн.

Айта кетейік, Алматыда метрополитен салу мәселесі талқылау сатысында тұр. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыру және одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: