Мәулен Әшімбаев қазақстандық бизнестің неліктен тығырыққа тірелгенін түсіндірді

Графики, экономика, предпринимательство, бизнес , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 09:52 Фото: pexels
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық бизнестің дамуына кедергі болатын екі негізгі себепті атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Время" газетіндегі мақаласында Мәулен Әшімбаев сыбайлас жемқорлықты тудыратын тосқауылдар мен қаржылық ресурстардың: ұзақ мерзімді несиелер мен елеулі инвестициялардың қолжетімсіздігі салдарынан қазақстандық бизнес тоқтап тұрғанын мәлімдеді.


"Иә, ұлттық даму институттары арқылы тікелей кәсіпкерлікті қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл жаңадан бастаған бизнесмендер үшін жақсы. Бірақ кеңейгісі келетін кәсіпкерлер ұзақ мерзімді және қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайды. Бұл, әсіресе, өңдеу өнеркәсібін дамытуды өз мойнына ала алатын экономика үшін ең перспективалы сегмент – орта бизнеске қатысты". Мәулен Әшімбаев

Оның айтуынша, қазір негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі несиелердің үлесі шамалы – 4%-дан аз болса, дамыған елдерде банк несиелерінің үлесі 30%-дан 50%-ға дейін жетеді.

Бұған дейін сенат спикері президенттің реформалары жайында жазғанын жариялаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: