Стюардессаға шабуыл жасап, бомба туралы хабарлады: Астанада жолаушыға қатысты үкім шығарылды

Айта кетсек, 2025 жылдың 13 қаңтарында сотталушы Т., алкогольдік масаң күйінде "FlyArystan" АҚ-ның Астана – Өскемен бағытындағы әуе кемесі бортында бұзақылық жасап, яғни қоғамдық тәртіпті ерекше өрескел бұзып, қоғамды құрметтемеуді анық білдіріп, әуе кемесінің бортсерігіне күш көрсетіп, оны ұрып-соғып және жолаушының ескертуін елеместен, оны да ұрып-соғып, екі жәбірленушіге де дене жарақатын келтірген.
Сонымен қатар, ол бомба барын хабарлаған. Оның жалған хабарламасы нәтижесінде 153 жолаушы түсіріліп, қайта тексеруден өтіп, көліктегі ПД мен "FlyArystan" АҚ-ға материалдық шығын келтірілген.
Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушілердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
"Жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайларын, ауырлататын мән-жайдың болуын ескере отырып, сот үкімімен сотталушы Т. ҚК-нің 273-бабы және 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Жетісу облысында 8,1 млн теңгеге күдікті аударымдар бұғатталғаны хабарланған болатын.