Депутат: Бала асырау жүйесінде кедергілер бар

Дети, ребенок плачет, детский сад, дошкольный возраст, абьюз, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 10:34 Фото: freepik
Елімізде балалар үйінен бала асырауға кезекте тұрғандар саны 5 мыңнан асады. 2023 жылы 194, ал былтыр 153 бала ғана жаңа отбасына берілген.

Бұл салада әкімшілік кедергілердің барын және процестің ұзаққа созылатынын көрсетеді дейді Сенат депутаты Генадий Шиповских.

Ол бала асырап алу және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау жүйесінің тиімсіздігіне байланысты проблемаларды атап өтіп, мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бірінші – бала асырап алу рәсімін жеңілдету және оны цифрландыру, құжаттарды рәсімдеу мен қажетті тексерістерді онлайн форматта өткізу арқылы үміткерлер үшін процесті оңайлату қажет. Екіншіден – жетім балаларды отбасылық ортада тәрбиелеу саясатын күшейту, қамқоршылық пен патронаттық тәрбие жүйесін жетілдіру, патронаттық тәрбиешілерге төленетін қаржылық қолдауды арттыру маңызды." Генадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: