Шымкенттегі көп балалы аналар 20 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады

Шымкентте көп балалы аналарға 8 наурыз мерекесі қарсаңында біржолғы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы 2025 жылдың 21 ақпанында қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Билік өкілдерінің мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мегаполисте 67 741 көп балалы ана тұрады ("Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған 13 805 және 4-5 балалы 53 936 көп балалы ана).
"Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады." Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript