22-24 ақпанда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Дождь, дожди, ливень, ливни, пасмурность, пасмурная погода, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 16:43 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, 2025 жылдың 22-24 ақпаны аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Астана қаласының ауа райы болжамы

  • 22 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -12-14°, күндіз -2-4°.
  • 23 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз -4-6°.
  • 24 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -8-10°, күндіз -1+1°.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

  • 22 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде -2-4°, күндіз +8+10°.
  • 23 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -1-3°, күндіз +10+12°.
  • 24 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1-3°, күндіз +12+14°.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

  • 22 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +16+18.
  • 23 ақпан: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°, күндіз +16+18°.
  • 24 ақпан: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, күндіз қатты жаңбыр. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз +8+10°.

Бұған дейін метеорологтар Қазақстан аумағы арқылы жауын-шашынмен бірге жүретін белсенді циклондар тізбегі өтетінін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: