Астанада 8-сынып оқушысы қатарласын электрошокермен талдырған

Астанада 8-сынып оқушысы қатарласын электрошокермен талдырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2025 10:10 Сурет: Zakon.kz
Астанадағы №81 ағылшын тілінде оқытатын ақылы мектептің 8-сынып оқушысы құрдасына электрошокер қолданып сес көрсеткен. Тоқ ұрған қатарласы бірден мектеп дәлізінде талып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға куә болған ата-аналардың айтуынша, бала шамамен екі сағаттай есін жинай алмаған. Тек содан кейін ғана, жағдайдың ушыққанына көз жеткізген соң, мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырған. Тоқ ұрған бала қазір  №2 көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер баланы тілге келтіріп, қажетті ем-дом жасағанын мәлімдеді, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бұзақылыққа барған баланың ата-анасына хаттама толтырылып, тергеу басталды. Мектепке жылына миллион теңгеден көп ақша төлейтін ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Кез келген оқушының сыныпқа суық қарудан бастап, осындай электрошокер алып келуі мүмкін енін айтып, директордан білім ошағына сканер қоюды талап етіп отыр.

"Екі балам осы мектепке барады. Ай сайын удай ақша төлейміз. Бүгінгі жағдайдан кейін балаларымызды мектепке жіберуге қорқып қалдық. Ойлаңызшы, кез келген оқушы осылай элекрошокер алып келетін болса, оны қолданса, не болады? Мектеп әкімшілігі неге сөмкелерін тексермейді. Барлығын тексеруге мүмкіндік жоқ десе, сканер қойсын".Оқушының анасы Әлия Дашкеева
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: