Жетісу облысында есірткі мен экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Сарқан ауданының аумағында полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен бірлесе жүргізген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін еске салады.
"Егер сізге есірткі саудасы немесе тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілері белгілі болса, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз қылмыстың алдын алуға және қоғамды терроризм қаупінен қорғауға көмектесуі мүмкін".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript