Алматыда есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда 14 мамырда ҰҚК қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп есірткі саудасымен айналысқан полицейді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда Іле аудандық полиция бөлімінің полицейі ұсталды.
"ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде осы есірткі тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", – делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша толық және жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желіде Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан полиция майорының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұрын ол 10 келі Alpha-PVP сатқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript