ҮҰК заңсыз көші-қон арнасын ашты: Қазақстанда 80-нен астам уақытша тұруға рұқсат берілді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 11:44 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2025 жылдың 24 ақпанында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі күні тараған баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ тұлғалардың іс-әрекетіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратураның келісімімен тосқауыл қойған.

"Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген." ҰҚК баспасөз қызметі

Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: