Қостанай облысында 25 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 13:47 Фото: pexels
Соңғы алты ай ішінде бір топ адам Арқалық қаласы мен оған жақын ауылдық округтердің аумағында сегіз адамның малдарын ұрлаған.

Қылмыстық әрекетпен 14 бас ірі қара мен 30 жылқы ұрланған. Келтірілген залал 25 млн теңгеден астам соманы құрады.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 мен 59 жас аралығындағы бес жергілікті тұрғыннан тұратын топ анықталып, ұсталды.

Полиция қызметкерлері 15 жылқыны тәркілеп, иелеріне қайтарды.

14 ірі қара мал басына қатысты залал ақшалай көлемде өтелді. Адамдар тобының құрамында аса ірі мөлшерде мал ұрлығын жасау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: