Теңгедегі депозиттер: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 16:29 Фото: Zakon.kz
Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры ел азаматтарына маңызды мәлімдеме жасады. Оған сүйенсек,

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін реттеу – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) қызметінің басымды бағыттарының бірі болып табылады.

"Бұл шара бастапқыда халықты банктердің депозиттерді жоғары мөлшерлемелер есебінен басқыншылықпен тартудан қорғауға бағытталған еді. Сонымен бірге қазақстандық банк секторының дамуына және бизнесті жүргізу стандарттарының жоғарылуына қарай, ҚДКБҚ депозит нарығын реттеуді ырықтандыру жағына қарай бағыт ала бастады",- делінген ақпаратта.

Мөлшерлемелерді шек қою арқылы тікелей шектеу – халықаралық тәжірибеде қолданылатын, ең кең таралған және ең қарапайым құрал болып табылады.

"2008 жылдан бастап, ҚДКБҚ барлық банктер үшін шекті мөлшерлемелерді бекітті. Банктер өздерінің депозиттік өнімдерінің мөлшерлемелерін сол деңгейден асырған жағдайда, ҚДКБҚ-ның кепілді өтем төлеу үшін құрылған арнайы резервіне айтарлықтай көтеріңкі жарна төлеуге міндетті болды. Мөлшерлемелердің шекті мөлшері банктердің басқыншы депозиттік саясатын тиімді шектеді, бірақ соған қарамастан бұл нарықтың жұмыс істеуіне тікелей араласу еді". ҚДКБҚ баспасөз қызметі

ҚДКБҚ нарықтық реттеуге алғашқы қадамды 2018 жылы жасады: теңгелік және валюталық депозиттер бойынша екі шекті мөлшерлемені белгілеудің орнына Қор нарықтық мөлшерлемелер негізінде шекті мөлшерлемелерді салымдардың топтары бөлінісінде ай сайын белгілеуді бастады.

Сонымен бірге нарықтық және шекті мөлшерлемелер арасындағы уақыттың едәуір кешеуілдеуі депозит нарығына ақша-несие саясатының трансмиссиясын баяулатты, сондықтан тетік бұрынғысынша директивті араласуды талап етті.

Бұл тәжірибеден бас тартып, нарыққа бейімделген икемді механимздерді енгізу үшін ҚДКБҚ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, банктердің көпшілігі үшін теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеуді жойды.

Шекті мөлшерлемелер ҚДКБҚ әдістемесі бойынша капиталдануы жақсыдан төменірек деп аталатын санатқа жатқызылған санаулы ғана банктер үшін сақталды. Мұндай тәжірибе АҚШ-та ойдағыдай қолданылып келеді. Онда депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер сондай-ақ жеткілікті капиталдандырылмаған банктер үшін де белгіленеді.

Бұл ретте мөлшерлемелердің айтарлықтай құбылуын және салымдардың депозит нарығында бір банктен екінші банкке ағылуын болдырмау мақсатында барлық банктер үшін жүйелік тәуекелге арналған жарна енгізілді. Оның мөлшері олардың мөлшерлемелерінің нарықтық деңгейден қаншалықты ауытқығандығына тәуелді.

Бұл тиімді шара болды және депозит нарығында нарықтық механимдерді іске қосты – барлық банктер баға белгіленіміне саналы түрде және байыппен қарап, нарықтық деңгейді ұстана бастады.

Ведомствоның мәліметінше, ырықтандыру жағына қарай жасалатын келесі қадам – капиталдануы жақсыдан төмен банктер үшін теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді жою.

"Капиталдануы жақсыдан төмен банктер сондай-ақ өздерінің депозиттік саясатын басқа банктер секілді нарықтық жағдайға сай белгілейтін болады. Сонымен бірге егер капиталдануы жақсыдан төмен банктер өздерінің депозиттері бойынша мөлшерлемелерді айтарлықтай өсіретін болса (нарықтық мөлшерлемеге қарағанда жоғары+спред), бұл банк жүйесіне қосымша тәуекелдер болып тиеді. Осыған байланысты мұндай банктер жүйелік тәуекел үшін төлейтін жарнаға қосымша ретінде мөлшерлемелердің шектен тыс асырылу дәрежесіне және депозиттерді тарту көлеміне қарай көтеріңкі жарна төлейтін болады.2025 жылдың 1 наурызынан бастап, ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілемейтін болады",- делінген құжатта.

Атап өту керек, депозит нарығындағы мөлшерлемелерді реттеу реформасын жүзеге асыруға байланысты 2025 жылдың ақпан айынан бастап, ҚДКБҚ сайт бетінде теңгелік депозиттер бойыша шекті мөлшерлемелер туралы ақпаратты жариялауды тоқтатады.

"Оның орнына 2025 жылдың наурыз айынан бастап, ҚДКБҚ өзінің ресми сайтында бөлшек саудалық депозит нарығында қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелер туралы мәліметтерді жариялайтын болады. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер әлі де барлық банктер үшін белгіленеді. ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін 24 ақпандағы саудада доллар аздап әлсірегені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: