Адвокат пен Алматының екі тұрғыны алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін түрмеге қамалды

Доллары, деньги, конверт, коррупция, взятка , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 10:57 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды.

Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа – 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: