Қаскелеңде "жартылай жалаңаш" мерекелік кеш ұйымдастырған шетелдіктер 15 тәулікке қамауға алынды

Қаскелеңде "жартылай жалаңаш" мерекелік кеш ұйымдастырған шетелдіктер 15 тәулікке қамауға алынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 15:26 Сурет: pxhere
Екі шетелдік даулы мереке өткізгені үшін жазаланды. Олардың іс-әрекеті Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, екі шетелдік 2025 жылғы 22 ақпанда туысының туған күнін тойлаған.

Мас күйінде олар Карасай ауданы, Қаскелең қаласының Алтын ауыл шағынауданның ауласына жартылай жалаңаш болып шығып, қатты айқайлай бастаған, осылайша азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзды.

Сот отырысында айыпталушылар кінәсін мойындап, құқық бұзушылық фактісін растады, сондай-ақ кешірім сұрады және жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот айыпталушыларға әкімшілік жаза қолдануда олардың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды анықтап, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен оларды кінәлі деп таныды.

"Екеунің әрқайсына 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қытайдан көлік сатып алмақ болған қазақстандықтың шекарада ақшасы тәркіленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: