Алматыда 26-27 ақпанда 46 жедел бригада мұзданудың алдын алу үшін жолдарды қадағалайды

Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылады, өндірістік базаларда жүргізушілердің, механизаторлардың және жол жұмысшыларының тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылады.
Қар жауа бастағанға дейін орналасқан жерлердегі көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 204 құм таратқыштың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. Алдын ала қар жауар алдында негізгі магистральдық көшелерді сұйық реагенттермен өңдеу жоспарлануда. Тәулік бойы 624 бірлік арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарлануда.
Бұдан басқа, жолдардың қауіпті учаскелерінде, түсулерде, көтерілулерде, жол айрықтарынан шығуларда мұздың алдын алу және жою үшін 46 жедел бригаданың күшімен жол жамылғысының жай-күйін патрульдеу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
Жолдардың жүріс бөлігіндегі болжамды мұздануға, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және өткір маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.
Көлік жүргізу тәжірибесі аз адамдар автокөлікпен жүруден бас тартып, қоғамдық көлікке ауысқандары дұрыс. Жаяу жүргіншілер мұзды қабыршақтың пайда болуына байланысты тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтауы керек.
"Құрметті қала тұрғындары! Көшеде абай болыңыз, өміріңізге қауіп төндірмеңіз." Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы