Алматы жолдарын 46 жедел бригада қадағалайды

26 ақпаннан бастап қалада жауын-шашын түседі – әуелі жаңбыр, кешке қарай жабысқақ қар 27 ақпанға дейін жауады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 09:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
26 ақпаннан бастап қалада жауын-шашын түседі – әуелі жаңбыр, кешке қарай жабысқақ қар 27 ақпанға дейін жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде температура -3…-5°С дейін төмендеп, күндіз +1…+3°С болады.

Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшеді. Қар жауар алдында көшелерге көктайғаққа қарсы реагенттер себіледі. Жолды күреуге 624 арнайы техника мен 1380 жұмысшы шығады.

Көктайғақтың алдын алу және оны жою мақсатында 46 жедел бригада қауіпті жол учаскелерін – еңістер, көтерілімдер және жолайрықтардың бұрылыстарын қадағалайды. Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.

Көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, қашықтықты арттырып, шұғыл бұрылмауы қажет.

Жаяу жүргіншілердің тротуарда сақ болғаны жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: