Ақтөбеде алаяқтардың арбауына түскелі тұрған әйелді банк қызметкері құтқарып қалған

Данагүл Мырзатаеваға Ақтөбе қаласындағы банктердің біріне алаяқтарға аударым жасау үшін келген әйелді дер кезінде райынан қайтарғаны үшін полицейлер марапат табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болған оқиға туралы "Еуразияның Бірінші арнасының" тілшісіне банк клиентінің жұбайы айтып берген. Оның сөзінше, үш миллион теңгеге несие рәсімдеу кезінде жұбайы құдды бір гипнозға ұшырағандай әрекет еткен, не істеп жатқанын толық түсінбестен, бейтаныс адамдардың бар айтқанын орындап отырған. Ал, оның бұл әрекетінен Данагүл Мырзатаева сескенген.
Ол клиентке жетекші сұрақтар қойған сайын, ол жауап беруден үзілді-кесілді бас тартқан. Осылайша, ол әйелдің алаяқтардың арбауына түскеніне күмән келтірмеген.
Бұған дейін Павлодардағы қоймада тонна-тонна сәбіз шіріп жатқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз