Батыс Қазақстан облысында департамент басшысы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды

Тенге, деньги, Казахстан, коррупция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 10:32 Фото: Zakon.kz
Қадағалау қызметі барысында 22.01.2025ж. Батыс Қазақстан облысының Техникалық реттеу және метрология департаменті техникалық ережелерді бұзғаны үшін "Орал сүт зауыты" ЖШС-ның декларациясын 1 ай мерзімге тоқтата тұру туралы бұйрық шығарды.

Облыстық прокуратура жүргізген талдау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған бұйрықтың қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылғаны және кәсіпкердің қызметін шектейтіні анықталды.

Атап айтқанда, Департамент гендік түрлендірілген организмдер арқылы алынған компоненттердің тағамдық өнімдерінде болуы туралы ақпаратты көрсету қажеттілігін көрсетті.

Алайда азық-түлік өнімдерінің ерекше белгілерін таңбалау тек ерікті түрде көрсетіледі.

12.02.2025ж. облыстық прокуратураның наразылығы бойынша Департаменттің жоғарыда аталған бұйрығының күші жойылды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Департамент басшысы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 173-бабына сәйкес (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) 196 600 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: