Алматыда полиция пәтер ұрыларын ұстады

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 12:18 Фото: polisia.kz
Криминалдық полицияның мәліметінше, екі ер адам тек жұппен жұмыс істеген: бірі - ұрлаған, екіншісі - ұрланған тауарды одан әрі сату үшін сатып алған.

Полицияның арнайы жасағының көмегімен күдіктілер ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде олардың Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған бірқатар пәтер тонауына қатыстылығы белгілі болды.

Бір жағдайда күдіктілер әйелдің 1 миллион 200 мың теңгесін, ал екіншісінде бөтеннің үйінен алтын бұйымдар мен цифрлық жабдықты ұрлап кеткен.

Айтпақшы, күдіктілердің бірі бұрын сотты болған.

Қазір екі күдікті де қамауда, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: