Алматыда полиция жолдағы жанжалдан кейін құқық бұзушыларды ұстады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 12:16 Фото: Zakon.kz
Алматының Алатау ауданында ерлі-зайыптылар жолда орын алған жанжалдан кейін полицияға жүгінді. Жолда олардың көлігіне басқа көліктегі екі ер адам тарапынан арандатушылық әрекеттер жасалды.

Ерлі-зайыптылар сабырлық танытып, көліктен түспей, болған жағдайды бейнежазбаға түсіріп, дереу "102" нөміріне хабарласқан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыларды анықтап, ұстады. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен екі құқық бұзушы да кінәлі деп танылып, тиісінше 5 және 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Азаматтардың полицияға дер кезінде жүгінуі және құқық бұзушылықты бейнежазбаға түсіруі бізге жанжалдың өршуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Тұрғындарға қырағылықтары үшін алғыс білдіреміз және мұндай жағдайларда ең бастысы – сабыр сақтау, жағдайды тіркеу және дереу "102" нөміріне қоңырау шалу екенін еске саламыз. Біз өз тарапымыздан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы тәртіпті сақтау үшін барлық шараларды қабылдаудамыз", – деді, Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: