Елімізде енді мәйіттерді "соймай-ақ" виртуалды түрде зерттеуге болады

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2025 жылғы 26 ақпанда Үкімет отырысында Қазақстанда виртуалды аутопсия енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол процедура мәйіттерді зерттеуде компьютерлік томографияны қолдану үшін қажет екенін айтты.
"Зерттеуде мәйіттер кесілмейді (сойылмайды), бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылыққа жол бермейді", – деді Ерлан Сәрсембаев.
Бұдан өзге, министр жасанды интеллектті пайдалана отырып, "Е-сараптама 2.0" ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу талап етілетінін атап өтті, өйткені қолданыстағы жүйе қазіргі заманғы талаптарға, оның ішінде басқа ақпараттық жүйелермен және жабдықтармен интеграциялау бөлігінде қауқарсыз.
Бұған дейін депутат Мақсат Толықбай концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салуды ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript