Депутат желі арқылы табыс табатындар жайлы: салықтарды барлығы төлеуі керек

Социальные сети, instagram, facebook, whatsapp, vkontakte, twitter, tiktok, инстаграм, фейсбук, вотсап, твиттер, контакт, вконтакте, тикток, телефон, мобильный интернет, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 16:57 Фото: pexels
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров 2025 жылғы 26 ақпанда Палата отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге инфлюенсерлердің заңсыз әрекеттері жайлы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде онлайн лотереяларды ұйымдастырушылар – инфлюенсер-коучтардың заңсыз әрекеттері жиілеп кеткенін айтты.

"Олар билеттер мен түбіртектерді сатады, туристік билеттерді, техниканы, зергерлік бұйымдарды, сәнді жылжымайтын мүлікті және автомобильдерді сатамыз деген сылтаумен заңсыз лотерея ойындарын өткізеді. Мұндай гивтер – заңсыз", – деді депутат.

Ол өткен жылы лотереяларды заңсыз ұйымдастырудың және бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынының 106 фактісі анықталғанын айтты. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Саиров Қазақстанда әлеуметтік желілерде өздерін инфлюенсер, коуч деп атайтын жаңа адамдар пайда болғанын, олар желі арқылы ақылы бейнематериалдар, қызметтер сататын айтты.

"Олардың кейбіреулері әлеуметтік желілерде үнемі сәнді өмір салтын көрсетеді, қымбат виллалардың, көліктердің және басқа да құнды заттардың суреттерін жариялайды. Осылайша, қоғамда оңай жолмен ақша табуға болады деген ой қалыптастырады. Қаржы министрлігінде осы азаматтардың тиісті салықтарды төлеуі туралы заңды құжаттары бар. Салықтарды барлығы төлеуі керек. "Заң қатал, бірақ бұл заң" принципі барлық азаматтарға қатысты!"- деді депутат.

Ол АҚШ, Англия және Қытайда контент авторлары өз қызметінен түскен табысқа салық төлеуге міндетті екенін атап өтті. Бұл елдердегі салық ставкалары прогрессивті және 40%-ға дейін жетуі мүмкін.

АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Жапонияда, Қытайда ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі салық төлемеу болып саналады.

"Ал Қазақстанда инфлюсерлер қоғамның ағартушы бөлігі болып табылады, олардың беделі мен таланты үлгі болуға тиіс. Бұл аспект оларға қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлеуметтік желілерде біз осы санаттың кәсіби бөлігі салық органдарының мәлімдемесіне құрметпен қарағанына куә болдық. Біз оны құптаймыз!", – деді Саиров.

Оның айтуынша, "онлайн платформалар туралы" Заңға сәйкес табыс табатын инфюенсерлер кәсіпкер ретінде тіркелуге, өз парақшасында орналастырылған жарнамаларды анықтауға және таңбалауға міндетті.

Осыған сүйене отырып, депутаттар блогерлер арасында Қазақстан заңнамасын сақтау қажеттілігі мәселесі бойынша кең түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қажет деп санайды.

Бұған дейін Шаққалиев санкцияға ұшыраған компаниялардың немен айналысқанын түсіндірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: