Жамбыл ауданында "Адал ұрпақ – ұлт болашағының кепілі" атты жастар форумы өтті
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Форумға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ЖО полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев пен құқық қорғау органдары, мектеп директорлары, мұғалімдер, білім алушылар, колледж студенттері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Аудандық форумда ЖОПД бастығының орынбасары Б.Жанаев, Ш.Мұртаза атындағы ХТИУ профессоры О.Жолдасова, М.Х.Дулати атындағы Тараз универститетінің философия ғылымдарының кандидаты Д.Күлбаева бала тәрбиесінде ұрпақтарды жіктеу теориясын қолдану, ұрпақтар сабақтастығы, "Толық адам концепциясына" негізделген тәрбие беру мәселелерін қозғады.
Ал белсенді жас Еламан Юсуп өз замандастарына жалынды сөз арнап, білім алуға, өнерді үйренуге шақырды.
Жастар мен жасөспірімдер үшін маңызы зор жиын патриоттық "Атамекен" әнімен түйінделді.



